locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Жәнібекке қарсылас атануы мүмкін Юбэнк керемет жеңіске жетіп, әкесінің жетістігін қайталады

Жәнібекке қарсылас атануы мүмкін Юбэнк керемет жеңіске жетіп, әкесінің жетістігін қайталады
Жәнібекке қарсылас атануы мүмкін Юбэнк керемет жеңіске жетіп, әкесінің жетістігін қайталады

26 сәуірден 27 сәуірге қараған түні Лондондағы «Tottenham Hotspur Stadium» аренасында орта салмақта (72,6 кг дейін) британдық Крис Юбэнк-кіші (35-3, 25 КО) мен Конор Бенн (23-1, 14 КО) арасындағы көптен күткен бокс жекпе-жегі өтті.

Бұл кездесуді ерекше еткен тағы бір фактор — қос боксшының әкелері 1990 жылы рингте жолыққан болатын. Ол кезде Крис Юбэнк Найджел Беннді нокаутпен жеңіп, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған еді.

Араға 35 жыл салып, Юбэнк-кіші әкесінің жетістігін қайталады. Конор Бенн жекпе-жекте бар күшін салғанымен, 12 раундқа созылған тартысты айқаста Юбенк төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті — 116:112, 116:112, 116:112.

Осылайша, Крис Юбэнк кәсіби мансабындағы 35-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Конор Бенн алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. Айта кетейік, Юбэнк-кіші қазіргі таңда IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.

Бұған дейін британдық боксшыға қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жұдырықтасу ұсынылған еді, бірақ Юбэнк бұл кездесуден бас тартқан болатын.

Алайда Беннді жеңген соң, Крис Юбенк-кішінің Жәнібек Әлімханұлына қарсылас атану мүмкіндігі қайта артып отыр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie