Жәнібек Әлімханұлы тағы да әлем чемпионымен жекпе-жек өткізу мүмкіндігінен айырылды
Орта салмақта (72,6 кг дейін) IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, британдық Крис Юбэнк (34-3, 25 КО) беделді титулға қол жеткізуді көздеп отыр. vRINGe.com порталының мәліметінше, Юбэнк WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізуде.
Алдын ала деректер бойынша, бұл кездесу 2025 жылдың көктемінде Ұлыбританияда өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар, Юбэнктің ықтимал қарсыласы ретінде оның отандасы, жартылай орта салмақтағы үміткер Конор Бенн де аталып отыр. Бенннің де титулдық жекпе-жек өткізуге мүмкіндігі бар.
Қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) орта салмақтағы барлық титулды біріктіру мақсатын жалғастыруда. Дегенмен, бұған дейін ол WBC чемпионы Карлос Адамеспен (24-1, 18 КО) кездесу мүмкіндігінен айырылып, енді Юбэнкке қарсы жекпе-жек те жүзеге аспай қалуы мүмкін.
Иван Дычко жаңа промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырды.