locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Жәнібек Әлімханұлы тағы да көлеңкеде қалды ма? Неліктен ESPN оны P4P рейтингіне қоспады?

Жәнібек Әлімханұлы тағы да көлеңкеде қалды ма? Неліктен ESPN оны P4P рейтингіне қоспады?
ФОТО: Getty images

IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы ESPN-нің pound-for-pound жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа кіре алмады, дегенмен бір сарапшының дауысын алды.

ESPN P4P рейтингі бұрынғы боксшылар, бапкерлер, журналистер мен комментаторлардан тұратын сарапшылар алқасының дауыс беруі арқылы жасалады. Әр сарапшы өзінің жеке тізімін ұсынады, содан кейін барлық дауыстар негізінде қорытынды рейтинг жасалады.

Бұл жолы украиналық ауыр салмақ өкілі Александр Усик көшбасшы атанды, ал үздік үштікке жапондық Наоя Иноуэ мен америкалық Теренс Кроуфорд кірді.

Жәнібек жалпы рейтингке енбегенімен, испан тілді ESPN сарапшысы Бернардо Пилатти оны өзінің үздік 10 боксшысының қатарына енгізіп, 10-орынға қойған. Алайда бір ғана дауыс жеткіліксіз болды, сондықтан қазақстандық боксшы тізімнен тыс қалды.

Дегенмен, Әлімханұлы әлемдік бокстың элитасына қарай сенімді қадам басып келеді. Бұған дейін, Жәнібек Сауль “Канело” Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін титулдарынан бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатқандығы хабарланған болатын. Бұл кездесу қазақстандық боксшы үшін әлемдік деңгейде өз есімін жарқырата көрсетуге тамаша мүмкіндік болмақ.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie