locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз арасындағы жекпе-жек туралы күтпеген жаңалық

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз арасындағы жекпе-жек туралы күтпеген жаңалық
ФОТО: Instagram

Жақында WBO және IBF чемпиондық титулдары бойынша орта салмақтағы боксшылар Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз арасындағы жекпе-жекке қатысты келіссөздер жүргізу мерзімі аяқталды.

4 қарашада аяқталуға тиіс болған келіссөздерге қосымша уақыт беру үшін WBO тарапынан 7 қарашаға дейін ұсынылған еді. Осы уақытқа дейін боксшылардың арасындағы промоутерлік аукцион өткізілуі тиіс болатын, бірақ белгісіз себептермен ол кейінге қалдырылды.

Осы жағдай туралы әлеуметтік желіде танымал инсайдер Дэн Рафаэльдің пікірін сұраған қолданушыға журналист: “Олар кейінге қалдырылды”, деп жауап берді, бірақ нақты мәліметтерді ашпады.

Бұған дейін Рафаэльдің әріптесі Джейк Донован Хамза Шираз командасы өз қарсыласын таңдау барысында Эрисланди Лара мен Карлос Адамес секілді басқа чемпиондармен де жекпе-жек өткізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған. Ал Хамзаның промоутері Фрэнк Уоррен өзінің боксшысының 2024 жылдың ақпан айында орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін айқасқа шығады деп мәлімдеген, бірақ қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie