Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз арасындағы жекпе-жек қашан өтетіні анықталды
Top Rank басшысы Боб Арум жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегіне қатысты ақпаратты бөлісті.
Орта салмақ өкілінің бұған дейінгі айқасы қазан айының басында өткен. Сиднейдегі кеште Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті тоғызыншы раундта нокаутқа түсірді. Артынша WBO жерлесімізге жаңа қарсылас тауып берді.
Қазір Жәнібектің командасы британиялық Хамза Ширазбен келіссөз жүргізіп жатыр. Промоутер Боб Арум Дэн Рафаэльге берген сұхбатында боксшылар қай уақытта шаршы алаңға шығатынын айтты.
Маман Ширазбен келіссөздердің сәтті өтіп жатқанына сенімді. Арумның өзі британиялықтың промоутері Фрэнк Уорренмен жақсы таныс. Top Rank басшысының сөзіне қарағанда, Әлімханұлының атағын қорғайтын күн ақпан айында өтеді. Боб Арум бұл жекпе-жек Джошуа мен Дюбуа арасындағы реванш аясында өтуі мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз 22 ақпан күні Эр-Риядта жұдырықтасуы мүмкін.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52