Жәнібек Әлімханұлы мансабындағы басты мақсатын жариялады
Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінің басты мақсаты барлық чемпиондық белбеулерді біріктіру екенін растады, деп хабарлайды Sports.kz.
Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында WBO және IBF белбеулерін галочкамен белгілеген жазбасын бөлісті. Ал WBC және WBA титулдарына "мақсат" эмодзиін қойып, бұл белбеулерді иеленуді келесі міндеті екенін көрсетті.
Қазіргі уақытта WBC титулы доминикандық Карлос Адамеске тиесілі. Ол 22 ақпанда британдық Хамза Ширазбен жекпе-жекке шығады. Ал WBA белбеуін кубалық Эрисланди Лара ұстап тұр.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы барлық чемпиондармен жекпе-жекке шығуға дайын екенін және абсолютті әлем чемпионы болу арманына жақындай түсуге ұмтылатынын айтқан еді.
Қазақстандық боксшы қыздардың 2024 жылғы Азия чемпионатында алған сыйақылары.
ММА
Бүгін 01:34
Футбол
Кеше 23:08
Футбол
Кеше 22:50