Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы Эрисланди Лараны жекпе-жекке шақырды
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің мүмкін қарсыласы кубалық Эрисланди Лара болуы мүмкін екенін айтты.
“Сіздер Лара туралы не ойлайсыздар? Ол менімен жұдырықтасады ма? Әлде қашып кете ме?” — деп жазды боксшы әлеуметтік желіде.
Еске сала кетйік, қазан айында 31 жастағы қазақстандық Сиднейде аустралиялық Андрей Михайловичті жеңген болатын.
8 қарашада Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) британдық Хамза Ширазды Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуге міндеттеген еді, бірақ британдық бұл кездесуден бас тартты. Бұған жауап ретінде Әлімханұлы өзін “қорқыныштың символы” деп атады.
Лара — орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Ол бұл атағын 2024 жылы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өткен америкалық Дэнни Гарсиямен болған титулдық жекпе-жекте қорғап қалды.
Теннис
Бүгін 01:01
Басқа спорт түрлері
Бүгін 00:19
Хоккей
Кеше 13:58