locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жекке ишара жасады

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жекке ишара жасады
ФОТО: Getty images

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі қысқа жазбасымен бокс жанкүйерлерінің назарын аударды.

«Дауыл алдындағы тыныштық»- деп жазып, алдағы жекпе-жек жайлы белгі берді.

Бұл жазба жақын арада өтетін кездесудің ресми жариялануына негіз болуы мүмкін. Айта кетейік, қазіргі таңда Жәнібектің WBC чемпионы Карлос Адамеспен мүмкін болатын біріктіру жекпе-жегі төңірегінде сұрақтар көп. Сонымен қатар, титулдарды қорғау үшін басқа қарсыласпен де жекпе-жек өткізу ықтималдығы бар.

Бұған дейін Адаместің WBC нұсқасы бойынша міндетті үміткер Мейірім Нұрсұлтановпен титулдық кездесу жайлы келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланған еді. Осыған байланысты, Жәнібектің келесі қарсыласы әзірге Адамес болмайтыны анық. Дегенмен бұл жекпе-жек абсолют чемпион атағына жол ашуы мүмкін.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген. Оның еншісінде 17 жеңіс (оның 12-сі нокаутпен) бар. Соңғы кездесуін ол 5 сәуір күні Астанада өткізіп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңіп, екі чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie