locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жұмағұлов октагонға қашан оралатынын жариялады

Фото: X (twitter)

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов октагонға оралғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+. Спортшы АҚШ-та жаттығу жиынын өткізіп, жекпе-жекке дайындалып жатыр.

Жұмағұлов Қазақстанға оралғанда, жаттығуға оралып жаңа жекпе-жек жайында келіссөздер жүргізетінін айтты. Жақын арада жекпе-жектің мән-жайы анықталуы тиіс.

Жалғас Флоридада бола тұрып октагонға оралғысы келгенін айтқан. Оған қоса, файтер UFC-ге оралғысы келеді.

Жұмағұлов UFC-де нашар өнер көрсетті, бір жеңіс және алты жеңіліс. Осыдан кейін ол Naiza промоушеніне ауысып, екі жекпе-жекте екі рет жеңді.