locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің келесі жекпе-жек күні белгілі болды

Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің күнін жариялады
Жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің келесі жекпе-жек күні белгілі болды
ФОТО: IG Бек

Кәсіпқой бокста жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы былғары қолғап шебері Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 KO) өзінің 15-ші жекпе-жегін 12 шілдеде өткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы боксшы жеке парақшасында хабарлады. Әзірге қарсыласының есімі мен жекпе-жектің нақты өтетін орны ресми түрде жарияланған жоқ.

Нұрмағанбет дайындықты бастап кеткенін айтып, алдағы мақсаттардың ауқымды екенін жеткізді. Оның айтуынша, командасы үлкен жекпе-жектерге бет түзеп отыр, ал әрбір кездесу оны әлемдік аренадағы биік белестерге жақындата түседі.

Биылғы 25 мамырда Бек Нұрмағанбет Гондурастан келген Карлос Фидель Гуйти Мирандамен (7-2, 3 KO) Сан-Диегодағы бокс кешінде кездесуі тиіс еді. Алайда қарсылас денсаулығына байланысты рингке шыға алмай, жекпе-жек өтпей қалды.

Соңғы рет Нұрмағанбет 6 сәуір күні АҚШ-тың Филадельфия қаласында жекпе-жек өткізіп, костарикалық Энкарнасьон Диасты бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңген болатын. Бұл жеңіс оның кәсіпқой мансабындағы 14-ші жеңісі болып тіркелді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie