locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан үшін алтын медаль саны алтыға жетті

Жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан үшін алтын медаль саны алтыға жетті
Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Өнер Сейілхан Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті.

71 кг салмақ дәрежесіндегі алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы ресейлік Алексей Гуковпен кездесті. Бірінші раундтан кейін Өнер барлық бес төрешінің карточкасында алда тұрды. Екінші және үшінші раундта Сейілхан өзінің басымдығын сақтап, жекпе-жекті төрешілердің бірауызды шешімімен – 5:0 есебімен жеңіп алды. Нәтижесінде, Өнер Қазақстан құрамасына алтын медаль санын алтыға жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлем чемпиондары атанғандар:

  • Торехан Сабырхан (67 кг),
  • Санжаралы Бегалиев (75 кг),
  • Елянұр Турғанова (50 кг),
  • Аружан Зейнуллаева (81 кг),
  • Бексұлтан Боранбек (51 кг).

Сондай-ақ, Қазақстан командасының қоржынында бір күміс және алты қола медаль бар.

Ислам Махачевтің командасы Илия Топурияның өткір мәлімдемелеріне жауап берді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie