Жас боксшылар АҚШ-тағы турнирде сапарын жалғастыруда
8 қазанда АҚШ-тың Колорадо штатының Пуэбло қаласында қазақстандық боксшы Ерасыл Аманғалиев 19 жасқа дейінгі бокстан әлем чемпионатында алғашқы сапарын бастады. 55 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда екінші раундта чех боксшысы Ондрей Томасты жеңіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл мәртебелі турнирде Ерасыл үшін мықты бастама болды. Енді 1/4-те ол америкалық Эмануэль Шанспен жұдырықтасады.
Чемпионаттың 1/4 кезеңіне Ерасылдан бөлек тағы екі қазақ боксшысы шықты. 70 келіге дейінгі салмақта Диас Серікұлы, Алжир елінің өкілі Ислам Дахлалды жеңсе, Асылхан Көшербай чех спортшысы Симона Стозканы ұтты. Қазақтың үш боксшысы да медальдар үшін күресін жалғастырып, жартылай финалға бір қадам қалды.
Сонымен қатар, Қазақстанның осы чемпионаттағы төртінші өкілі Даниял Райымбеков әлі өнерін көрсеткен жоқ, оның турнирге кірісуі жақын арада күтілуде. Қазақстандық боксшылар халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетуде, ал 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы табыстары жас спортшылардың дайындығы жоғары екенін дәлелдейді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52