Жас қазақстандық боксшылар БАӘ-де өткен Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
Жексенбі, 8 қыркүйек күні Әл-Айнда (БАӘ) өткен 2024 жылғы бокстан оқушылар арасындағы Азия чемпионатында финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Нәтижесінде қазақстандық боксшылар 12 алтын медаль иеленді.
Ерлер арасында Азия чемпиондары атанғандар: Абылай Досымбеков (35 кг), Бекхан Уразбай (40 кг), Жұмағали Нұрмахан (43 кг), Әмір Мухит (46 кг), Нұрислам Оңғалбек (52 кг), Әбдімансұр Жақсылық (55 кг), Төрехан Қанатбай (64 кг) және Мансұр Амантай (70 кг). Қыздар арасында чемпиондар: Нұрайым Құдайберген (49 кг), Айлін Хожамбердиева (58 кг), Аяулым Оспанова (61 кг) және Диана Нәдірбек (70 кг).
9 қыркүйек, дүйсенбі күні Азия чемпионатында жасөспірімдер арасында финалдық кездесулер өтеді және Қазақстанның жеті боксшысы алтын медаль үшін сынға түседі.
Бұған дейін біз Рахмоновтың UFC чемпионымен жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін хабарлағанбыз.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49