Жанқош Тұраров жарақатына байланысты алдағы жекпе-жегін кейінге қалдырды
Бокс
23 қыр 2024 12:24
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Жанқош Тұраров жарақатына байланысты алдағы жекпе-жегін кейінге қалдырды
Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі кейінге шегірілді. All Stars Boxing компаниясы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров пен венесуэлалық Хесус Кореа Пинто арасындағы жекпе-жектің тоқтатылғанын хабарлады.
Тұраров жекпе-жекке дайындық кезінде жарақат алып, алдағы бокс кешіне қатыса алмайды. Қалған жекпе-жектер өз күшінде қалады.
Еске сала кетейік, Тұраров пен Пинто арасындағы кездесу 28 қыркүйекте Алматыдағы бокс кешінің басты картасында өтуі керек еді. Жанқош Тұраров тезірек сауығып, рингке оралуға үміттенуде. Жанқош өзінің инстаграм желісінде мықты болып қайта оралып, көрермендерге ұмытылмас сәттер сыйлауға уәде берді.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52