Жаңаөзен әкімі мен кәсіпкерлері Бекзат Нұрдәулетовке ерекше сыйлық табыстады


Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Исаханұлы бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке ерекше сый-құрмет көрсетті, деп хабарлайды Otpannews.kz.
Қала басшысы спортшының еліміздің спорт саласына қосқан үлесін жоғары бағалап, оны Наурыз мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлер боксшыға арнайы мемлекеттік нөмір сыйлады. «001BOX12» деп таңбаланған ерекше нөмір – спортшының кәсіби мансабы мен жетістіктерін айшықтайтын символдық сыйлық болды.
Бұл жаңалықты Бекзат Нұрдәулетов өзінің Instagram-парақшасында бөлісіп, әкімге және кәсіпкерлер Темір Лесов пен Нұрбек Бүркітбайға алғысын білдірді.
«Жаңаөзен әкімі еліміздің спорт саласына қосқан үлесімді атап, Странджа турниріндегі жеңісімді жоғары бағалады. Ал бала кезден армандаған ерекше нөмірді сыйға тартқан ағаларыма алғысым шексіз!» – деп жазды спортшы.
Бекзат Нұрдәулетов – 2019 жылғы әлем чемпионы, 2023 жылғы Азия чемпионы. Биыл наурыз айында Болгарияда өткен беделді Странджа кубогында жеңімпаз атанған болатын.

Футбол
Бүгін 11:30

Футбол
Бүгін 10:07