locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

WBO Жәнібек Әлімханұлына міндетті қарсылас тағайындады

WBO Жәнібек Әлімханұлына міндетті қарсылас тағайындады

WBO Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласын жариялады - ол жеңіліссіз келе жатқан британдық Хамза Шираз болды.

Бүкіләлемдік бокс ұйымы Хамза мен Жәнібекке жекпе-жектің шарттарын келісу үшін 15 күн уақыт берді. Егер боксшылар келісімге келе алмаса, промоутерлік аукцион өтеді. Бұған дейін Шираз Әлімханұлымен кездесуге ниет білдірген еді, бірақ сол кезде боксшылар ортақ келісімге келе алмады.

Британдық спортшы WBO және WBC рейтингтерінде көш бастап тұр. Қазіргі уақытта оның рекорды өте мықты: 21 жекпе-жектің 17-сін нокаутпен аяқтап, бірде-бір жеңіліске ұшырамады.