WBC Карлос Адамес пен Мейірім Нұрсұлтанов арасында келіссөз бастауды бұйырды


WBC орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамеске міндетті қарсылас – Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізуді тапсырды. Тараптарға 6-мамырға дейін уақыт берілді.
Егер Адамес Нұрсұлтановпен келісімге келе алмаса, WBC 6 мамырда промоутерлік сауда өткізеді.
Бұл – боксшылардың командалары жекпе-жек үшін сыйақы қорының мөлшерін ұсынатын рәсім. Кім көп сома ұсынса, сол жекпе-жекті ұйымдастыру құқығына ие болады.
30 жастағы Адамес (24-1-1, 18 KO) 2022 жылдың қазан айында WBC-дің уақытша титулын жеңіп алды, ал 2024 жылдың мамырында толыққанды чемпион болып жарияланды. Доминикандық боксшы бұл титулын үш рет қорғаған.
31 жастағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) 2023 жылдың қарашасынан бері жекпе-жек өткізбеді. Қазіргі уақытта WBC рейтингінде бірінші орында тұр.
Карлос Адамес қазақстандық Жәнібек Алимханулының Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізуге деген ниетіне жауап қайтарды

Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59