WBC барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингін жаңартты. Қазақтардың орыны қандай?


WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) барлық санаттағы боксшылардың рейтингін жаңартты. Демек, Қазақстан өкілдерінің орындары белгілі болды.
Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбек бір позицияны жоғалтып, 29-шы орыннан 30-шы орынға түсті. Батыр Жүкембаев, керісінше, бір сатыға көтеріліп, бірінші жартылай орта салмақта 33-орынға тұрақтады.
Данияр Елеусінов бірден 3 позициядан айырылып, қазір 25-орында. Боксшы жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Бірінші орта санатта Садриддин Ахмедов позициясын 2 позицияға жақсартып, қазір 30-орынға жайғасты.
Мейірім Сұлтанов орта салмақта үздік үштікті түйіндейді. Айта кетейік, оның келесі қарсыласы Карлос Адамес – Хамза Шираз кездесуінің жеңімпазы болуы мүмкін.
Екінші орта салмақтың өкілі Әли Ахмедов пен Бек Нұрмағанбет 13 және 17-орындарын сақтап қалды. Жартылай ауыр салмақтағы үміткер Бекзад Нұрдәулетов екі позициядан айырылып, 34-орынға түсті. Аса ауыр салмақтағы Қазақстанның жалғыз өкілі Иван Дычко 31-ші орынды сақтап қалды.
Головкиннің қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін екені бұған дейін хабарланған болатын.

Футбол
Бүгін 17:53

Футбол
Бүгін 15:46

Футбол
Бүгін 14:46