locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

WBA чемпионы күзде титулын қорғайды

WBA чемпионы күзде титулын қорғайды
ФОТО: Матч ТВ

Бриджервейт салмағында WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Муслим Гаджимагомедов рингке тамыздың соңы немесе қыркүйекте қайта оралады, деп хабарлайды Матч ТВ. Бұл туралы ресейлік боксшының менеджері Эдуард Кравцов айтты.

«Келесі жекпе-жек тамыздың соңында немесе қыркүйекте өтеді деп ойлаймын. Яғни Ресей чемпионатынан кейін», — деді Кравцов.

Аталған Ресей чемпионаты 13–24 тамыз аралығында Екатеринбургте өтеді.

Айта кетейік, Олимпиаданың күміс жүлдегері және әуесқойлар арасында екі дүркін әлем чемпионы Муслим Гаджимагомедов былтыр жазда қытайлық Чжан Чжаосинді жеңіп, жаңа салмақта WBA белбеуін иеленген болатын. Кейін ол Леон Харт пен Табисо Мчунуға қарсы екі сәтті қорғаныс өткізді. Соңғы жекпе-жек 31 қаңтарда Мәскеуде өтті.

Айта кетейік, Дана Уайт «Канело» пен Кроуфорд арасындағы көптен күткен жекпе-жектің промоутері болмайтыны ресми түрде хабарланды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie