locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

WBA чемпионы Астанада жұдырықтасады

WBA чемпионы Астанада жұдырықтасады
ФОТО: Getty images

Бірінші ауыр салмақта WBA Super белбеуінің иегері, армян және француз боксшысы Армен Гуламирян (27-1, 19 KO) 5 сәуірде Астанада рингке оралады.

Оның қарсыласы – бұрынғы әлем чемпионы, британдық Каллум Джонсон (23-1, 15 KO). Бұл жекпе-жекте крузервейттегі WBA International титулы сарапқа салынады. Аталған кездесу туралы WBA ресми сайты хабарлады.

Кештің басты оқиғасы орта салмақтағы WBO/IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 KO) франциялық Анауэль Нгамиссен (14-0, 9 KO) қарсы айқасы болмақ.

Айта кетейік, Армен Гуламирян бір кездері Геннадий Головкинмен бірге Абель Санчес залында жаттықты. Ал оның соңғы жекпе-жегі 30 наурызда Инглвудта (Калифорния, АҚШ) өтті. Бұл кездесуде ол мексикалық Хильберто Рамиреске (47-1, 30 KO) ұпай санымен есе жіберді.

WBC барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингін жаңартты. Қазақтардың орыны қандай?

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie