locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Владимир Кличко Тайсон мен Пол арасындағы жекпе-жекке байланысты рингке оралуынан бас тартты

Владимир Кличко Тайсон мен Пол арасындағы жекпе-жекке байланысты рингке оралмайды
ФОТО: Getty Images

Ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Владимир Кличко спорттық мансабын қайта бастауды жоспарлаған болатын. Алайда, Майк Тайсон мен Джейк Полдың жекпе-жегі туралы хабарланғаннан кейін, украиналық боксшы бұл шешімінен бас тартты, деп хабарлайды Daily Mail.

48 жастағы Кличко британдық боксшы Дэниэл Дюбуаға (22-2, 21 KO) қарсы кездесу өткізу мүмкіндігін қарастырған еді. Алайда, Тайсон мен Пол арасындағы жекпе-жек туралы жаңалықтың қоғамда қызу талқыға түсуі, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде айтылған теріс пікірлер Кличконың жоспарларын қайта қарауға себеп болды.

Айта кетейік, Владимир Кличко (64-5, 53 KO) өзінің соңғы кәсіби жекпе-жегін 2017 жылы Энтони Джошуаға (28-4, 25 KO) қарсы өткізіп, 11-раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді.

WBO неліктен жеңілмеген британдық боксшы Хамза Шираздың WBO рейтингінен шығарылғанын түсіндірді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie