Усиққа Верхувенге қарсы жекпе-жекте жеңісті оңай алады деп болжам жасалды
Кикбоксшы Рико Верхувен алдағы жекпе-жекте Украинадан шыққан аса ауыр салмақтағы біріктірілген чемпион Александр Усиққа айтарлықтай қарсылық көрсете алмайды.
Бұл пікірді Sports24.kz тілшісіне белгілі қазақстандық бапкер Юрий Чернобровкин білдірді.
«Усиқ – бұл әлемдік бокс аңызы, менің сүйікті боксшыларымның бірі. Рико Верхувен оған қарсылас бола алмайды. Бұл еркін күрес шеберін грэпплинг маманымен еркін күрес ережесінде жекпе-жекке түсіргенмен бірдей. Мұндай жағдайда «еркін күресші» сөзсіз фаворит болады. Бұл жолы да солай, Усиқ оны еш қиындықсыз жеңеді. Усиқтың деңгейі Верхувеннен әлдеқайда жоғары. Украиналықтың қарсыласы үш раундтан соң-ақ мұны сезінеді, тіпті, мүмкін, күресті жалғастырудан бас тартуы мүмкін. Әрине, Усиқ асықпайды, бірақ Верхувеннің жеңіске мүмкіндігі жоқ», – деді Юрий Чернобровкин.
Айта кетейік, Усиқ пен Верхувен арасындағы жекпе-жек 23 мамыр күні Мысырдың Гиза қаласында өтеді, бәсекеде WBC чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.