locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

UFC президенті Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд жекпе-жегінен шеттетілді

UFC президенті Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд жекпе-жегінен шеттетілді
ФОТО: Getty Images

UFC президенті Дана Уайт Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы көптен күткен жекпе-жектің промоутері болмайтыны ресми түрде хабарланды.

Бұл туралы Сауд Арабиясындағы ең ірі спорттық жобаларды ұйымдастырушылардың бірі Турки Әл аш-Шейх мәлімдеді:

«Канело мен Кроуфорд арасындағы жекпе-жекке енді Sela компаниясы промоутерлік етеді. Трансляция жасайтын арна әзірге белгісіз. Дегенмен кездесу 13 қыркүйек, сенбіге жоспарланған. Жақын арада тағы да жаңалықтар жарияланады», – деді ол.

Бұған дейін Дана Уайт араб инвесторларымен бірге TKO Boxing атты жаңа ұйым құрған болатын. Аталған ұйым құрамына Қазақстанның Олимпиада чемпионы Данияр Елеусинов те кірген еді.

Айта кетейік, абсолютті чемпиондар жекпе-жегі 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Бұған дейін Юбэнк-кіші мен Бенн арасындағы реванш жекпе-жегі қыркүйек айында өтуі мүмкін екені белгілі болған еді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie