UFC аңызы Тони Фергюсон: " Зейнетке шығу деген мен үшін тым ерте"
UFC жекпе-жек шебері Тони Фергюсон болашақ жоспарларымен бөлісті.
"Біз жыл соңына дейін демалып, әрі қарай не істейтінімізді ойлаймыз. Қаңтар немесе ақпанда қайта ораламыз. Жаңалықтарды бақылап жүріңіздер. Зейнетке шығу деген мен үшін тым ерте. Мен 40 жастамын, ал 5 жасымнан бері спорттамын. Әлі де күресе аламын. Біреу менен жылдамырақ болып кеткен жағдай да, мүмкін, сол кезде ойланып көрермін.
Мен асықпаймын. Қашан дұрыс сәт келеді, сол кезде Дана Уайтқа қоңырау шалып, жекпе-жек сұраймын", — деді Фергюсон Деметриус Джонсонға берген сұхбатында.
Бұған дейін Фергюсон сегізінші рет қатарынан жеңіліс тапқан болатын. Соңғы жеңісін 2019 жылдың маусымында Дональд Серронені нокаутқа түсіріп, иеленген еді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20