Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтуде


31-ші наурыз күні, Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің тұңғыш иегері, түркістандық талантты боксшы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 2007-2008 жылы туылған жастар арасындағы халықаралық турнир басталды.
Биыл ХХІII рет өтіп жатқан халықаралық бокс додасына Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қытай, Египет, Сауд Арабия, Кувейт елдерімен қатар Қазақстанның барлық аймағынан іріктелген былғары қолғап шеберлері келген.
Дәстүрлі турнирге жалпы 30 команда, 300-ге жуық боксшы қатысуда. Ұлдар 13 салмақ бойынша жұдырықтасса қыздар 6 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайды.
Турнир 30 наурыз бен 5 сәуір аралығына жоспарланған. Барлық жекпе-жектер Отырар мөлтек ауданындағы Olympic center спорт кешенінде өтеді.

Футбол
Бүгін 06:03
