Төрехан Сабырхан жастар арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Будвада өтіп жатқан 2024 жылғы жастар арасындағы Әлем чемпионатының ширек финалында сәтті өнер көрсетті.
67 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде 1/4 финалда Сабырхан өзбекстандық Акбар Ахмадовпен кездесті. Бірінші раунд толықтай қазақстандықтың бақылауында өтіп, 5:0 есебімен аяқталды. Екінші раундта жекпе-жек Сабырханың жеңісімен аяқталып, төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшының жеңісін тіркеді.
Осылайша, Төрехан Сабырхан Әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Айта кетейік, 1/16 финалда Сабырхан келесі айналымға ешқандай жекпе-жексіз өтті, себебі оның қарсыласы, черногориялық боксшы Милош Роганович, рингке шығудан бас тартты. 1/8 финалда қазақстандық спортшы ауғанстандық Самир Хамдаммен кездесті. Бұл жекпе-жекте де ол айқын басымдық көрсетіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
ММА
Бүгін 14:44