Төрехан Сабырхан Черногорияда өтетін жастар арасындағы ӘЧ-да жеңіске жетуді мақсат етеді
Қазақстандық боксшы Торехан Сабырхан жастар арасындағы Әлем Чемпионатында өзі және командаластары алдына қойған міндеттермен бөлісті. Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жарыста Сабырхан 67 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі.
“Қазіргі сәтте команда үздік формада деп ойлаймын және өзіміздің боксты көрсетіп, жақсы нәтиже көрсете аламыз. Біздің мақсат – алдағы он күнде Қазақстанның туын көкке көтеріп, командалық есепте бірінші орын алу. Осы мақсатқа жетеміз деп үміттенемін!”, – деді Сабырхан Sport+ агенттігіне берген сұхбатында.
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азияның төрт дүркін чемпионы Сабырхан өз деңгейін Әлемдік аренада дәлелдеуді көздеп отыр. Турнир 23 қазанда басталып, 3 қарашада аяқталады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52