locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Төрехан Сабырхан: “Бұл - жастар арасындағы менің соңғы жарысым"

Төрехан Сабырхан: “Бұл - жастар арасындағы менің соңғы жарысым"
ФОТО: KBF

Қазақстандық боксшы Торехан Сабырхан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалындағы жеңісінен кейін алдағы жоспарларымен бөлісті.

“Бұл - жастар арасындағы менің соңғы жарысым. Алла қаласа осы Әлем Чемпионатынан кейін нүктені қоятын боламыз және ересектерге үлкен додаға ауысамыз. Енді осы жасөспірімдер және жастар арасында рекордтық нөл тіркедім. Аллаға шүкір, мүлде ұтылмадым және енді осы рекордты ересектерде қайталайтын боламыз”, — деді Сабырхан Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Еске салайық, Төрехан Сабырхан Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы жастар арасындағы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 67 килограмм салмақ дәрежесіндегі финалда ол кубалық Давид Мануэль Эспиноса Сантойяны төрешілердің 4:1 шешімімен жеңді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie