locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Төрехан Сабырхан: Басты мақсатымыз – елімізге Олимпиада алтынын сыйлау

Бокс 08 сәу 2025 01:37
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Төрехан Сабырхан: Басты мақсатымыз –  елімізге Олимпиада алтынын сыйлау
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Бокстан жастар арасында әлем чемпионы, жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы Төрехан Сабырхан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанған алғашқы қазақ болғысы келеді. Мұндай мақсатын ол «Спорт министрі» YouTube-каналына берген сұхбатында айтты.

Бесінші сәуірде Төрехан Сабырхан Астанада кәсіпқой бокстағы дебютін жасағады. Ол чехиялық Йиржи Хаукемен (4-6, 2 КО) кездесіп, үшінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді.

«Алда әлем чемпионаты және Олимпиада ойындары бар. Бұйырса 2028 жылы елімізге Олимпиада алтынын сыйлау – басты мақсатымыз. Сондай-ақ, Қазақстанда әлі екі дүркін Олимпиада чемпионы шықпаған. Мен екі дүркін Олимпиада чемпионы болғым келеді. Содан кейін бір-ақ кәсіби боксқа бару ойымда бар. Оның бәрін алдағы уақытта көреміз, әлі жаспын», - деді боксшы.

Қазақстан ересектер құрамасына 2024 жылдың соңында ғана ауысқан Төрехан Сабырхан небәрі 18 жаста.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie