Төрехан Сабырханның жастар арасындағы ӘЧ финалдық қарсыласы анықталды
Казақстандық боксшы Төрехан Сабырханның Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында кіммен кездесетіні белгілі болды.
67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін Сабырхан кубалық боксшы Давид Эспиносамен жұдырықтасады. Финал сенбі, 2 қараша күні өтеді.
Еске салсақ, жартылай финалда Сабырхан қытайлық Хаошен Чжанды 5:0 есебімен сенімді түрде жеңген болатын, ал Давид Эспиноса мексикалық Хуан Флоресті төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, финалға шықты. Айта кетейік, Сабырхан – жасөспірімдер мен жастар арасында Азияның төрт дүркін чемпионы атанған тарихтағы алғашқы боксшы.
Қазақстандық боксшы бокстан әлем чемпионатында алтын үшін күреседі
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52