Топурия Махачевті жекпе-жекке шақырды: чемпиондар арасындағы қақтығыс күшейіп келеді
Илия Топурия мен Ислам Махачев арасындағы қақтығыс күшейіп келеді, ал грузиндік спортшының өткір мәлімдемелері тікелей шақыруға айналды.
Барлығы Илия Топурияның Ислам Махачевпен болған көше төбелесінде жеңіске жеткенін мәлімдеуінен басталды. Дагестандық спортшының серіктестері грузин чемпионының сөзіне жылдам жауап берді, ал Махачев Топурияны мұндай мәлімдемелерден аулақ болуға және шектен шықпауға шақырды.
Илия да көп күттірмей жауап берді. X әлеуметтік желі парақшасында жартылай жеңіл салмақтағы боксшы Махачевтің командасын “балақайлар” деп атап, шын мәнінде, олар шекараны кесіп өтіп жатқанын және қайтып орала алмайтынын айтты. Соңында Топурия Махачевті барлық мәселелерді 2025 жылы октагонда шешуге шақырды.
Жекпе-жек орны алса, жеңіл салмақта өтуі мүмкін. Егер Ислам супер жекпе-жекке келіссе, Топурияның қос чемпион атануға мүмкіндігі бар. Грузиндік спортшы өз титулын 2024 жылдың ақпанында жеңіп алды ал 26 қазанда Макс Холлоуэйге қарсы алғашқы қорғау жекпе-жегін өткізеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52