Тимур Нұрсеитов қарсыласынан реванш алып, бокстан алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды
Қарағандыда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталуда.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте ерлер арасында Тимур Нұрсеитов пен Нұрқанат Райыс кездесті.
Осы салмақта Нурқанат Райыс фаворит болганымен, Тимур Нұрсеитов те қарап қалмады. Тимур алғашкы раундта ұтылса да, жекпе-жектін бағытын өзгертіп, спорттық мансабында бірінші рет Қазақстан чемпионы атанды.
"Қазақстан чемпионатында бұған дейін де жүлделі орын алып жүрген едім. Бірақ, көшбасшылардын көленкесінде қалып, басты бәсекелерден құр қалдым. Оның үстіне жасым 28-ге келіп калды. Сондықтан тек алтын жүлде үшін ғана келген едім. Бірер ай бұрын ғана Нұрқанат Райыска есе жіберген едім. Осы жолы реванш алдым. Маған сеніп, қолдау таныткан ағама, отбасыма рақметімді айтамын".
Футзал
Бүгін 15:15
Хоккей
Бүгін 12:33
Теннис
Бүгін 12:08