locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

The Ring журналы Головкиннің мансабындағы ерекше фактіні атап өтті

Омарханов алдымен сенімді жеңіске жетіп, кейін Мысырдағы турнирде жеңіліске ұшырады
Омарханов алдымен сенімді жеңіске жетіп, кейін Мысырдағы турнирде жеңіліске ұшырады

Әйгілі The Ring журналы орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) мансабындағы ерекше жетістігін атап өтті.

Басылым кәсіпқой рингте 45 жекпе-жек өткізіп, GGG бірде-бір рет нокаутқа немесе нокдаунға түспегеніне назар аударған.

«Тіпті Геннадий Головкиннің рингте өз дәуірінің ең мықты боксшыларымен кездескенін ескерсек, оны ешкім аяқтан шала алмаған. Головкиннің бокс тарихындағы ең мықты иегі бар», - деп жазды The Ring өзінің X парақшасында.

Головкин кәсіпқой мансабында екі рет қана жеңілген. Ол екі рет мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестен ұтылды. Сол мексикалықпен тағы бір жекпе-жек тең аяқталды. Бірақ қалған 42 жекпе-жекте Головкин жеңіске жетті.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie