Теміртас Жүсіпов Чемпиондар түнінің финалына шығу үшін Азия чемпионатына қатыспайды.
Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов IBA “Чемпиондар түні” турнирінің финалында өнер көрсетеді.
12 желтоқсан күні Бахрейнде өтетін бокс кешінде Жүсіпов IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін шешуші жекпе-жекке шығады. Қарсыласының есімі әзірге жарияланбады.
Айта кетейік, қазан айында Жүсіпов 2024 жылдың 29 қарашасы мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чиангмай қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысу құқығын жеңіп алған еді. Дегенмен, ол IBA турнирінің финалында өнер көрсету үшін Азия біріншілігінен бас тартты.
Азия чемпионатында оның орнын Санжар Ташкенбай басады. Бұл туралы Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.
Теміртас Жүсіпов — 2021 жылғы әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы (2013, 2019) және Әлемдік бокс сериясының (WSB) жеңімпазы.
Бангкок конференциясы: Азияда жаңа бокс ұйымы құрылатыны жарияланды.
Формула-1
Бүгін 02:34
Баскетбол
Бүгін 02:18