locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Темировтың келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Темировтың келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Виктор Темиров өзінің келесі жекпе-жегін 2 қарашада Германияның Бад-Херсфельд қаласында өткізеді. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған, бірақ қарсыласы әлі анықталған жоқ. Бұл кездесуде бірінші орта салмақтағы BDB International белбеуі сарапқа салынады.

Боксшы алдағы жекпе-жегі жайлы Instagram парақшасында жариялады.

“Менің мақсатым — жеңіске жетіп, Қазақстанның туын көтеру. Жаттығулар қызу жүріп жатыр, мен өз елімді лайықты түрде таныту үшін барымды саламын. Қолдауларыңыз үшін рахмет — ол маған күш береді”, – деп жазды Виктор.

Виктор Темировтың рекорды — 5 жеңісті жекпе-жек және бірде-бір жеңіліс жоқ. 4 кездесуде ол қарсыластарын нокаутпен жеңді.