Тейлор дайын. Әлімханұлымен жекпе-жекке күтпеген үміткер шықты
Америкалық боксшы Маркуис Тейлор (18-1-2, 3 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) кез келген уақытта жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді. Әлімханұлы қазір орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша чемпиондық белдіктердің иегері.
“Менің арманым – Жәнібекпен жекпе-жек өткізу. Себебі оның екі чемпиондық титулы бар. Рингте оны өзін жайсыз сезінуі үшін барымды саламын. Жәнібек менің қандай тактика қолданатынымды білмейтін болады, бірақ ол менімен бәрі өзгеше болатынын түсінеді. Бұл жекпе-жекте өзім жеңіске жететініме сенімдімін,” – деп келтіреді 31 жастағы Тейлордың сөзін Boxing Scene басылымы.
Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы алдағы жылға арналған жоспарларымен бөліскен болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы алдағы жылға арналған жоспарын жариялаған болатын.
Футзал
Бүгін 09:00
Хоккей
Бүгін 07:34