locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Тарихта алғаш рет: Суперинвестор Аль аш-Шейх бокс әлеміне жасанды интеллектті енгізуде

ФОТО: gettyimages.com

Бокс саласындағы министр әрі инвестор Турки Аль аш-Шейх спортты дамытуға ұмтылып, жаңашылдық енгізуге тырысып келеді.

Vringe.com хабарлағандай, төрешілердің кейде әділ шешім қабылдамауы жағдайында ол жекпе-жектерді бағалау үшін жасанды интеллектіні қолдануды ұйғарды.

Бүгін Аль аш-Шейх жасанды интеллект алдағы Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасындағы реванш барысында жекпе-жектің дамуын бейресми түрде бағалайтынын мәлімдеді.

"Тарихта алғаш рет жасанды интеллект судья ретінде жекпе-жекті бақылап отырмақ, — деп жазды Турки әлеуметтік желіде.

— Ол адами қателіктерден таза болады және The Ring журналы арқылы ұсынылады. Бұл жаңашыл тәжірибе ресми нәтижелерге әсер етпейді, бірақ 21 желтоқсан күні "Усик — Фьюри 2" жекпе-жегі кезінде дебют жасайды. Тарих сіздердің көз алдыңызда жасалып жатыр — жіберіп алмаңыздар".

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie