Талғат Шайкен рингке қайта оралады: келесі жекпе-жек - 6 маусымда
Бокс
18 мам 2025
23:26

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Қазақстандық боксшы Талғат Шайкен кәсіпқой рингке қайта оралады - оның келесі жекпе-жегі 6 маусым күні All Stars Boxing 4 бокс кеші аясында өтеді.
Шайкеннің қарсыласы кім болатыны кейінірек жарияланбақ.
Айта кетейік, Талғат соңғы рет кәсіпқой бокста 2022 жылдың қараша айында жұдырықтасқан болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы тәжікстандық Сипехр Саидовты нокаутпен жеңген еді.
Талғат Шайкен WBC тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта жастар арасындағы әлем чемпионы атағына ие.
Танымал жаңалықтар

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек