locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Тайсон мен Пол арасындағы жекпе-жектің статистикасы: Пол 4 есе көп соққы жасады

Тайсон мен Пол арасындағы жекпе-жектің статистикасы: Пол 4 есе көп соққы жасады
ФОТО: Getty images

16 қараша күні АҚШ-тың Арлингтон қаласында кәсіпқой бокстан ерекше кеш өтті. Оның басты оқиғасы – 58 жастағы аңызға айналған Майк Тайсон мен танымал блогер Джейк Пол арасындағы жекпе-жек болды.

Жекпе-жек 8 раундқа созылып, Польшің жеңісімен аяқталды – төрешілер бірауыздан 79-73 есебімен оның жеңісін тіркеді.

Жек-жектің қорытынды статистикасы бойынша Пол айқын басымдық көрсетті: ол 78 соққы жасаса, Тайсон 18 соққы ғана жасай алды. Полдың соққыларының 31-і джеб болса (Тайсонда – 5), ал 47-і жойқын соққылар болды (Тайсонда – 13).

Бұл жеңіс Джейк Пол үшін кәсіби мансабындағы 11-ші болды, оның еншісінде бір ғана жеңіліс бар. Майк Тайсон, өзінің 50 жеңісімен (оның 44-і нокаутпен) тарихта қалған боксшы, бұл жолы жетінші рет жеңіліске ұшырады.

ВИДЕО. Майк Тайсон мен Джейк Пол АҚШ-та қандай шоу көрсетті.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie