Тайсон ФЬЮРИ: "Мен екі жекпе-жекте де жеңіске жеттім деп есептеймін"
Британдық боксшы Тайсон Фьюри WBC, WBA және WBO титулдарының иегері, украиналық чемпион Александр Усикпен өткен реванштағы жеңілісіне қатысты өз пікірін білдірді. Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Усиктің айқын жеңісімен аяқталды.
“Мен екі жекпе-жекте де жеңіске жеттім деп есептеймін, бірақ қазір рекордымда екі жеңіліс бар. Мұны өзгерту менің қолымнан келмейді, алайда өмірімнің соңына дейін өзімді жеңімпаз санайтын боламын. Болған жайтқа бола күйзелмеймін”, — деп мәлімдеді Фьюри баспасөз мәслихатында.
Бұл жеңіліс Фьюри үшін қатарынан екінші және бүкіл мансабындағы екінші сәтсіздік болып отыр. Ал Усик керісінше, жеңісті жолын жалғастырып, кәсіби рингтегі 23-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол әлі күнге дейін жеңіліс дәмін татпаған мызғымас чемпион болып қала беруде.
Тайсон ФЬЮРИ: "Төрешілер Усикке тамаша рождестволық сыйлық жасады деп ойлаймын".
Футбол
Бүгін 01:36
Футбол
Бүгін 00:48