Тайсон ФЬЮРИ: "Ұлым Усикті қатты ұруымды сұрады"
Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри реванш алдында ұлының ерекше өтінішімен бөлісті.
- "Менің кіші ұлым Адонис менен Усиктің бетін жарақаттауды сұрады. Ол небәрі бес жаста, бірақ реваншта оны қатты соғуымды қалайды", – деп келтіреді Фьюридің сөзін Mirror.
Британдық және украиналық боксшылар арасындағы реванш 22 желтоқсанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 21 желтоқсаннан 22 желтоқсанға қараған түні басталады.
Бұл кездесуде WBC, IBO, WBO, WBA (Super) және The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтары сарапқа салынады.
Еске сала кетейік, олардың алғашқы жекпе-жегінде Александр Усик төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетіп, Тайсон Фьюриді титулсыз қалдырған болатын.
Бокс
Бүгін 23:10
Бокс
Бүгін 22:17