Сұлтан Зауырбек IBF рейтингінде жоғарлады
Бокс
11 сәу 2025
07:19

Наурызбай Қанатұлы

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Бесінші сәуір күні Астанада өткен бокс кешінен кейін Сұлтан Зауырбек IBF рейтингінде бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді.
Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 KO) «Battle of the brave» бокс кешінде Оңтүстік Африка Республикасынан келген Азинга Фузилемен (18-3, 12 KO) жекпе-жек өткізген еді. Он раундқа созылған кездесуде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Ал аталмыш рейтингтің көшін мексикалық Эдуардо Нуньес (27-1, 27 KO) бастаса, екінші орын әзірге бос тұр. Үздік үштікке жапониялық Масанори Рикииши (16-1, 11 KO) жайғасқан.
Сұлтан Зауырбек желтоқсан айында, Ұлыбританияда чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді.
Танымал жаңалықтар

Теннис
Бүгін 07:51

Хоккей
Бүгін 02:26
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек