locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Сәкен Бибосынов Шымкенттегі Абдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалына шықты

ФОТО:  KBF

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Шымкентте өтіп жатқан Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалына шықты.

54 кг салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Бибосынов өз отандасы Карим Серкебайды сенімді түрде жеңді.

Финалда Сәкен тағы бір қазақстандық боксшы, осы жылдың көктемінде Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңіске жеткен Нұрсұлтан Алтынбекпен кездеседі.

Осыған дейін турнирде Бибосынов Ерасыл Дәулетбай мен Мейранбек Алпысбайды жеңген болатын. Олимпиадалық жүлделермен қатар, Сәкен 2021 және 2023 жылдары әлем чемпионы атағын да иеленген.