locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Сәкен Бибосынов қарсыласын тік нокдаунға жіберіп, Хабаровскідегі турнирді жеңіспен бастады

Бокс 16 сәу 2025 04:47
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Сәкен Бибосынов қарсыласын тік нокдаунға жіберіп, Хабаровскідегі турнирді жеңіспен бастады
ФОТО: Getty Images

Қазақстан ұлттық құрамасының жетекші боксшыларының бірі Сәкен Бибосынов Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сәкен алғашқы жекпе-жегін ресейлік боксшы Құрбан Байранбековке қарсы өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бір ауыздан Бибосыновтың жеңісін тіркеді. Екінші раундта отандасымыз қарсыласын тік нокдаунға жіберіп, айқын артықшылыққа ие болды.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов – 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионаттарының күміс және қола медаль иегері. Оның қарсыласы Құрбан Байранбеков бұған дейін Ресей біріншіліктерінде жүлделі орындарға ие болған тәжірибелі спортшы.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie