Шираздың Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартуының себебі белгілі болды
Британдық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) IBF және WBO титулдарының иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) міндетті жекпе-жектен неліктен бас тартқанын түсіндірді. Ол WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамеспен (24-1, 18 КО) жұдырықтасуды ұйғарды.
Боксшы Адамеспен бұл жекпе-жек маусым айында американдық Остин «Аммо» Уильямсты жеңгеннен кейін оның радарына түскенін айтты.
“Мен мұны көптен бері айтып келемін. Бұл жекпе-жек Аммо Уильямсты жеңгеннен кейін қойылды. Барлығы өз кезегімен”, - деп жазды боксшы twitter-де.
Еске сала кетейік, 18 қарашада британдық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартып, барлық жарнамалық аукциондар тоқтатылған болатын.
Футбол
Бүгін 15:55
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29