locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Шымкентте Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған бокс бойынша халықаралық турнирдің финалдық жекпе-

Шымкентте Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған бокс бойынша халықаралық турнирдің финалдық жекпе-

Бүгін, 4 қазанда Шымкентте Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған бокс бойынша халықаралық турнирдің финалдық жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. Шешуші жекпе-жекте Қазақстанның үздік боксшылары алтын медальдар үшін күреседі, алайда кейбір спортшылар жарақат салдарынан рингке шыға алмайды.

Соңғы жекпе-жек кестесі:

48 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай – Теміртас Жүсіпов (Тәшкенбай рингке шықпайды)
51 келіге дейін: Дамир Әбдіқадыр – Даниал Сәбит
54 келіге дейін: Сәкен Бибосынов – Нұрсұлтан Алтынбек (Бибосынов рингке шықпайды)
57 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов – Махмұд Сабырхан
60 келіге дейін: Серік Теміржанов – Бейбарыс Жексен
63,5 келіге дейін: Ертуған Зейнуллинов – Жандос Қыдырәлі
67 келіге дейін: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Илья Калинин
71 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов – Абылайхан Жүсіпов
75 келіге дейін: Диас Молжігітов – Нұрқанат Райыс
80 келіге дейін: Ерасыл Жақпеков – Никита Засенок (Украина)
86 келіге дейін: Бекзад Нұрдәулетов – Темірлан Мұқатаев
92 келіге дейін: Сағындық Тоғамбай – Абзал Құттыбеков
92 келіден жоғары: Айбек Оралбай – Нұрлан Сапарбай

Жекпе-жектердің басталуы Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ге жоспарланған. Турнир қорытындысы бойынша жаттықтырушылар штабы алдағы ірі халықаралық жарыстарға баратын құрамды анықтайды.