Шұғыла Нәлібай Азия чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс
19 мам 2025 05:57

Асылхан Тоқсанбек
Редактор

ФОТО: KBF
Шұғыла Нәлібай Шри-Ланка астанасында өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғауда.
Жартылай финалда отандасымыз IBA командасының үнді спортшысы Хуши Хушимен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Шұғыла қарсыласын мерзімінен бұрын тоқтатып, финалға сенімді өтті.
Енді шешуші жекпе-жекте Нәлібай Шри-Ланка құрамасындағы боксшымен алтын медаль үшін күш сынасады.
Шұғыла тамаша формада және құрлықтық додада жеңіске жетуге толық мүмкіндігі бар.
17 мамырда Қазақстандық сегіз боксшы жастар арасындағы Азия чемпионатының келесі кезеңіне қиындықсыз жолдама алды
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 14:38


Футбол
Бүгін 13:52
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек