locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Шавкат Рахмонов Қазақстан UFC өткізу мүмкіндігі жайлы сұрақтарға жауап берді

ФОТО:  Getty images
Шавкат Рахмонов Қазақстан UFC өткізу мүмкіндігі жайлы сұрақтарға жауап берді

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов елінде турнир өткізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

— Егер сенде чемпиондық белбеу болса, UFC-дің келесі турнирлерінің бірін Қазақстанда өткізуге тырысар ма едің?

“Білмеймін. Әрине, бізде ММА, UFC жанкүйерлері көп. Барлығы Қазақстанда жекпе-жектер көргісі келеді. Бірақ Қазақстанда турнирді осында алып келу туралы айтуға әлі ерте. Алдымен олар трансляцияларды сатып алуы керек. Менің білуімше, олар әлі сатып алған жоқ. Менің жекпе-жектерімнің бірде-бір трансляциясы болған жоқ. Трансляцияны сатып ала алмай тұрғанда, турнирді қалай өткізу туралы сөз қозғауға болады? Бұл өте көп қаражатты талап етеді. Менің ойымша, бұл қаражатты мұқтаж адамдарға немесе Қазақстанның қажеттіліктеріне жұмсаған дұрыс. Бұл менің пікірім. Әрине, спорт — бұл жақсы нәрсе, бірақ оған өте көп ақша жұмсалады. Меніңше, ол оған тұрмайды. Ең болмаса трансляцияларды сатып алып, жанкүйерлерімізді қуантуға болады”, — деді Рахмонов “ММА Вестникке” берген сұхбатында.

“Номадтың” келесі жекпе-жегі 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді, онда ол UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпионы Белал Мұхаммедпен кездеседі.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie