Сауль Альварес Мейвезерге күтпеген жерден реванш ұсынды


WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес кәсіби бокстан кеткен аты аңызға айналған америкалық Флойд Мейвезермен екінші мәрте жұдырықтасуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды SecondsOut.
Мексикалық боксшы бұл жекпе-жектің өтуі екіталай екенін де атап өтті:
– Иә, әрине, мен Мейвезермен қайта кездескім келеді. Одан кек алуға мүмкіндік болғанына қуанышты болар едім. Бірақ екеуіміз де мұндай жекпе-жек енді болмайтынын білеміз. Дегенмен, онымен бұл мәселені біржола шешкім келеді, – деді Альварес.
Еске сала кетейік, Альварес пен Мейвезер арасындағы жекпе-жек 2013 жылдың қыркүйегінде өтті. Сол кезде Флойд төрешілердің көпшілік шешімімен жеңіске жеткен болатын. Ал төрт жылдан кейін америкалық боксшы спорттан кеткенін мәлімдеген.

Футбол
Кеше 18:07

Футбол
Кеше 17:27

Футбол
Кеше 16:59