locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Сағындық Тоғамбай халықаралық турнире финалға шықты

ФОТО:  KBF

Бүгін Шымкентте ерлер арасында бокстан өткен Халықаралық турнирдің жартылай финалдық жекпе-жектері өтті. Турнир Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Абдалиевті еске алу құрметіне арналған.

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде осы турнирдің финалына шықты. Оның жартылай финалдағы қарсыласы украиналық боксшы Богдан Толмачев болды.

Тоғамбай жекпе-жек бойы басымдық танытып, сенімді жеңіске жетті. Үшінші раундта украиналық спортшыны нокдаунға түсіргеннен кейін төреші есеп ашты.